Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, Көкпекті ауданың әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Тассай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Құдайбердіұлы 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегімде тұрғындарды Көкпекті ауданының 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен, негізгі көрсеткіштерімен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын басым міндеттермен таныстырдым.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар тарапынан ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, дәрігерлік амбулатория ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Жұзағаш көпірінің құрылысын толық аяқтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








