2026 жылғы 9 қарашада Биғаш ауылында қорытынды есеп беру кездесуі өтті
Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы Биғаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп берді.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендегі өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган арасында өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









