2026 жылғы 11 қарашада Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округке қарасты Преображенка ауылында 2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған есептік кездесу өтті.

    1 / 6

    Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің тұрғындарымен кездесу өтіп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағыттары талқыланды.
    Жиын барысында ауылдық округ әкімі Ержан Ниязбекұлы 2026 жылдың 9 айында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.


    Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі нәтижелерді атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендердің әлеуетін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.


    Кездесудің негізгі бөлігі тұрғындармен еркін пікір алмасуға арналды. Ауыл азаматтары күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту және көшелерді түнгі жарықтандырумен қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударылды.


    Аталған мәселелердің ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын ескере отырып, аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына нақты мүмкіндіктерді зерделеп, қажетті жұмыстарды жоспарлау мен жүзеге асыру жолдарын қарастыру жөнінде тапсырмалар берді.
    Әрбір ауылдың дамуы – ауданымыздың өркендеуінің негізі. Сондықтан, елді мекендердегі мәселелерді тұрғындардың өз аузынан естіп, олардың ұсыныстарын алдағы жұмыс жоспарларына енгізу аса маңызды.


    Басты мақсат – тек мәселелерді талқылаумен шектелмей, нақты нәтижеге қол жеткізу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көкпекті ауданының әкімдігі" жаңалықтары