Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, кейін азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау кезінде аудан тұрғындары жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, денсаулық саласы, ауыз сумен қамту және жол инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Өтініштерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шараларды қабылдау және олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








