Бүгін Қарауылтөбе ауылында жаңа тұрғын үйлердің ашылу салтанаты өтіп, баспанаға мұқтаж азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Салтанатты шараға Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин қатысып, жаңа қоныс иелерін қуанышты сәттерімен құттықтады.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жүзеге асқан бұл игі бастама тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға және халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Бүгінде Ақжайық ауданы бойынша тұрғын үйді бөлу жұмыстары «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылуда. Осы жолы Қарауылтөбе, Базаршолан, Сарытоғай және Көнеккеткен ауылдық округтерінің тұрғындары баспаналы болып, барлығы 6 азаматқа жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Олардың қатарында көпбалалы аналар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар бар.
Шара барысында жаңа қоныс иелері атынан Асылхан Марат ақжарма тілегін білдіріп, көрсетілген қолдау үшін алғысын жеткізді.
Баспана – береке мен бірліктің, отбасы бақыты мен тұрақтылықтың негізі. Әрбір отбасының өз шаңырағына қол жеткізуі – үлкен қуаныш.
Жаңа қоныс құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, үйлеріңіз қуаныш пен берекеге толсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








