ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 35 ЖЕТІСТІК: АҚЖАЙЫҚ

    Еңбекке жол ашқан мүмкіндіктер
    Еңбек – ел дамуының негізі, ал тұрақты жұмыспен қамту – халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. Тәуелсіздік жылдарында елімізде еңбек нарығын дамытуға, жұмыссыз азаматтарды қолдауға, жастарды кәсіпке баулуға және тұрғындардың табыс табуына мүмкіндік жасауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұл бастамалар ауданымызда да өз нәтижесін беріп келеді.
    Биыл мансап орталығы арқылы 1214 адам жұмысқа жолданды. Жылдық жоспар 1106 адам болса, нақты көрсеткіш одан 108 адамға асып түсті.
    Жастарды жұмыспен қамту – мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарының бірі. Оқу орнын аяқтаған жас маман үшін теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, алғашқы жұмыс дағдыларын қалыптастыру ерекше маңызды. Осы мақсатта жүзеге асырылып келе жатқан « Жастар практикасы» бағдарламасы аясында биыл 79 жас жұмыс орындарына жолданды. Жоспар 70 адам.
    Еңбек нарығында әр буын өкілінің тәжірибесі мен қабілетін тиімді пайдалану да назардан тыс қалған жоқ. «Күміс жас» жобасы бойынша 26 адам жұмыспен қамту шарасына жолданды. Жоспар 24 адам болып белгіленген.
    Тұрғындарды жұмыспен қамтудың тағы бір бағыты – әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. Аталған шара арқылы 59 адам жұмысқа жолданды .
    Кәсіби біліктілікті арттыру мен жаңа мамандық игерудің де маңызы зор. Өндіріс пен қызмет көрсету саласындағы өзгерістер жұмыс күшінен жаңа дағдыларды талап етеді. Осыған орай ауданда 20 азамат кәсіптік оқуға жіберілді .
    Сонымен қатар 461 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды .
    Халықты қолдаудың тағы бір тетігі – мемлекеттік гранттар. Биыл аудан бойынша 8 азаматқа грант берілді. 2023, 2024, 2025 жылдары 60 адам қайтарылмайтын қаражат алған.
    Тәуелсіздік жылдарында жұмыспен қамту саласында қалыптасқан мемлекеттік қолдау тетіктері ауыл тұрғындарының түрлі санаттарын қамтуға жол ашты. Жастар практикасы, «Күміс жас», әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқыту мен гранттық қолдау – осы жүйенің бір-бірін толықтыратын бағыттары.
    Еңбек еткен адамның тұрмысы түзеліп, отбасының берекесі артады. Сондықтан тұрғындарға жұмыс табуға жәрдемдесу, олардың кәсіби қабілетін дамыту және еңбекке араласуына жағдай жасау алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды болып қала бермек.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары