1 / 2
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 16 қарашадағы өкімімен Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып Серік Сәндібайұлы Төреханов тағайындалды.
Серік Төреханов 1990 жыл 23 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан автономды Республикасы, Қоңырат ауданы, Ахунбабаев ауылында дүниеге келген.
Білімі арнайы орта. 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық колледжін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінен бастаған.
2015-2016 жылдары “Батыс Қазақстан электр желілетін таратушы компаниясы” АК Чапаев АЭС бойынша Бақылау және есеп бойынша технигі қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2018-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы және 2023-2025 жылдары аталған бөлімде сектор меңгерушісі болды.
2025 жылғы маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Аудан басшысы Серік Сәндібайұлы Төрехановқа жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы жауапты жұмысына толағай табыс пен жемісті еңбек тіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









