Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы Бендер-Аббаста (Иран) талқыланды

    1 / 2

    2026 жылғы 11 қарашада Қазақстанның Бендер-Аббастағы (Иран) консулдығында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Иранның Хормозган университетінің ректоры, саясаттану ғылымының докторы Мәһди Мирзаде, , Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Шима Карими, осы Палатаның ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі жөніндегі комиссиясының төрағасы Tман Джәмали, Хормозган провинциясы губернаторлығының саяси мәселелер жөніндегі сарапшысы Сохейла Джәфәрзадеган, IRNA ақпарат агенттігінің Хормозган провинциясындағы өкілдігінің басшысы Мәнучехр Сәмәди, «Неда-йе Хормозган» газетінің бас редакторы Хәлил Бозоргмеһр, тілшісі Сахел Әтаи, «Собх-е Сахел» газетінің саяси сарапшысы Самие Тахурниан қатысты.

    Дөңгелек үстелде Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі даму басымдықтары ирандық сарапшыларға таныстырылды. Жолдауда жарияланған басымдықтармен ұштастырылып, Қазақстан мен Иран өңірлерінің сауда, өнеркәсіп, кен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция, көлік-логистика, ғылым және т.б. салалардағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары кеңінен талқыланды.

    Сарапшылар Қазақстан Президентінің Жолдауында жарияланған саяси-экономикалық реформаларға қатысты оң пікір білдіріп, соған орай екі елдің өңіраралық ынытымақтастығын кеңейту келешегінің зор екенін атап өтісті.

    Іс-шара соңында Консулдық басшысы Д.Дүйсебай ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас (Иран) қаласындағы консулдығы" жаңалықтары