1 / 3
Достық ауылдық округінде қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекеннің көркін абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазаланып, көшелер мен қоғамдық орындардың айналасы қоқыстан аршылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркейуіне өз үлестерін қосты. Тазалық – ортақ жауапкершілік. Осындай игі бастамалар аясында ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосқан әрбір жанға алғыс айтамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









