⚽ЖАҢА АЛАҢДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС!
2026 жылғы 7 қараша күні Қаратұрық ауылдық округіне қарасты Лавар ауылында жаңа шағын футбол алаңының ашылуына орай ауыл жастары арасында «Ала доп аламаны» атты футбол турнирі ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шара Қаратұрық ауылдық округі әкімдігі ұйымдастыруымен өтті.
Турнирдің басты мақсаты – ауыл жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ ауылдар арасындағы достық қарым-қатынас пен бірлікті нығайту.
Жарыс тартысты әрі қызықты ойын өрнегімен ерекшеленді. Қатысушылар алаңда өз шеберліктері мен командалық рухтарын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🏆 Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Тескенсу ауылының командасы;
🥈 II орын – Ащысай ауылының командасы;
🥉 III орын – Достық ауылының командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




