Нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен әкімдік өкілдері бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға есірткі заттарының адам денсаулығына, өміріне және қоғамға тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің ауыр зардаптары, оның алдын алу жолдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысудың құқықтық жауапкершілігі ескертіліп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Осындай профилактикалық іс-шаралар қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары