
2026 жылдың 25 қыркүйекте Құрманғазы ауданына сапары кезінде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов, Омбудсмен жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелері Ания Тулешова мен Гүлмира Шакирова, Атырау өкілідігі жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі Арман Баженов Құрманғазы ауданының Отбасын қолдау орталығының жағдайымен танысты.
Мониторинг барысында ғимаратта орналасқан атын бөлмелер, асхана, психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін кабинеттерді қарап шықты.
Жалпы осы қыркүйек айына дейін 130 адамның өтініші тіркелді, оның ішінде 77-адам FSM Social жүйесі арқылы (пробация қызметінен-25, полиция бөлімінен 20, білім бөлімінен-3, жергілікті атқарушы органдар-3 дабыл түсті және орталық мамандарының анықтағаны -26), 53 адам - өз өтінішін орталыққа келіп білдірді. Қазіргі таңда 115 отбасының өтініші толық қанағаттандырылып, 15 отбасы сүйемелдеуде. Жүгінген 130 адамның 72-әйел, олардың отбасында 515 адам, оның ішінде бала саны 254.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256-НҚ бұйрығына сәйкес орталық мамандары тарапынан барлығы 238 қолдау шаралары көрсетілді.
Атап айтқанда:
• 74 психологиялық көмек (оның ішінде-20 бала, ересек адам -54);
• 32 құқықтық кеңес (12-сот кабинеті арқылы (ЖСО), 2-әртүрлі бағыттағы құжаттарды рәсімдеу (үй құжаттарын рәсімдеу, мұрагерлік іс ашу, үйді апаттық деп тану құжаттары, жеке төл құжаттарды рәсімдеу, есеп шот ашу,т.б.);
• 43 жұмысқа орналастыру (30-жұмыссыздар есебіне тіркелді, 13-тұрақты жұмысқа орналасты);
• 28 денсаулық сақтау саласы бойынша (7-мүгедектік тағайындалды, 21-медициналық тексерістен өткізілді);
• 6 қайырымдылық демеушілік көмек;
• 9 тұрғын үй алу үшін кезекке қою;
• 22- өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы ( egov.kz.);
• 19 әлеуметтік көмек;
• 4 әртүрлі бағыттағы құжаттарды рәсімдеу;
• 1 адамға шағын кәсіпкерлігін ашу үшін «Бастау-бизнес» оқудан өтуіне жәрдемесілді.
Құрманғазы ауданы әкімінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №267 өкіміне сәйкес аудан бойынша құрылған мобильдік топтың құрамына өзгеріс енгізіліп, толықтырылды. Күні бүгін 216 адамның жеке деректері енгізіліп, FSM Social ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауларына рұқсат беріліп,жұмыс жасауда.
Жүргізілген мониторинг қорытындысымен Орталық басшылығына тиісті ұсынымдар жолданылады.








