Бейнеу ауданында ішкі істер органдарының ардагерлері жеке құраммен кездесті

    1 / 4

    Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде ішкі істер органдарының ардагерлері Марат Кубаевич Дарибаев, Теміржан Күмісбаевич Тажмұханов және Болат Наренбаевич Аюпов жеке құраммен арнайы кездесу өткізді.

    Іс-шара 12–17 қазан аралығында өтіп жатқан «Ақсақалдар отбасы кеңесі» акциясы аясында ұйымдастырылды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің мол қызметтік тәжірибесімен бөлісу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

    Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, жас тәртіп сақшыларына адал қызмет ету, заңдылықты сақтау, халыққа құрметпен қарау және кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындау жөнінде тағылымды ойларын жеткізді.

    Ішкі істер органдары ардагерлерінің өмір жолы мен ел игілігі жолындағы адал еңбегі – жас полицейлер үшін үлкен өнеге. Мұндай кездесулер қызметтік дәстүрлерді дәріптеуге, патриоттық рухты нығайтуға және буындар арасындағы байланысты бекемдеуге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары