Ауданда республикалық маңызы бар автожол бойында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Акцияға аудан прокуратурасының, полиция бөлімінің, аудандық аурухананың және «ҚазАвтоЖол» мекемесінің жауапты өкілдері қатысты.
Шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптары туралы жадынамалар таратты. Сонымен қатар азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзырлы мекемелер өкілдерінен нақты жауаптар алды.
Аудандық аурухананың медицина мамандары жол бойында тоқтаған азаматтардың қан қысымын өлшеп, денсаулық жағдайына қатысты кеңестер берді.
Тұрғындармен ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында онлайн эфир ұйымдастырылып, оған 150-ден астам оқырман қатысты.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!








