Кездесуде тұрғындар полицейлерге ризашылығын білдірді

    1 / 7

    Маңғыстау ауданы полиция бөлімі мен «ҚазАвтоЖол» мекемесінің бірлесуімен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

    Іс-шараға Бекі және Оңды ауылдарында орналасқан шаруа қожалықтарының иелері мен автокөлік жүргізушілері қатысты. Кездесу барысында республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және малдың жолға шығып кетуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

    Акция аясында қатысушыларға жол қозғалысы қағидаларын сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау және жолда мұқият болу қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар шаруа қожалықтарының иелеріне төрт түлік малды тұрақты бақылауда ұстау, олардың көрінуін қамтамасыз ету үшін жарық шағылыстырғыш белгілер тағу және GPS құрылғылары арқылы орналасқан жерін бақылау жөнінде ұсыныстар берілді.

    Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

    Құрметті шаруа қожалықтарының иелері! Төрт түлік малды қараусыз қалдырмай, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауларыңызды ескертеміз.

    Жол қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары