Ақтауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өтті

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Маңғыстау облысының прокуратурасымен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтау қаласының апаттық қаупі жоғары жол учаскелерінде профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған ақпараттық жаднамалар таратылды. Оларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын орындау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар жүргізушілерге көлік басқару кезінде мұқият болу, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу керектігі ескертілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Суретте: Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы үгіт-насихат тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Асыл Досанқызы Дәлубай.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары