Қызметкерлер — Маңғыстау облысының Полиция департаменті

    Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    7
    Аяғанов Сағындық Күзембайұлы
    Бастық

    Аяғанов Сағындық Күзембайұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы

    Арнаулы атағы – полиция генерал-майоры. 1999 жылы Павлодар заң колледжін бітірген, 2004 жылы ҚР ІІМ Заң институтын тәмамдаған, ал 2022 жылы И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жоғары білім алған.

    Жумагулов Ильяс Байжуманович
    Басшының орынбасары

    Жумагулов Ильяс Байжуманович

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары

    Арнайы атағы — әділет полковнигі. 2006 жылы ҚР ІІМ Академиясын, 2009 жылы — Экономика және құқық академиясын бітірген. Мамандығы: заңгер, қаржыгер.

    Басшының орынбасары

    --- --- ---

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    2005–2009 жылдары Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық полиция басқармасының криминалдық іздестіру бөлімінде із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру және белгісіз мәйіттердің жеке басын анықтау тобының жедел уәкілі қызметін атқарды. 2009–2025 жылдары Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің ОКП «А» бөлімшесінде жедел уәкіл, Маңғыстау ауданы ішкі істер бөлімінің ОКП бастығы, Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің патрульдік полиция батальонының 1-ротасының командирі, Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Ақтау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, сондай-ақ Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарады.

    Утемисов Кайрат Камалиденұлы
    Басшының орынбасары

    Утемисов Кайрат Камалиденұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы — полиция полковнигі. 2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын тәмамдаған. 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ішкі істер органдарында үздіксіз қызмет атқарып келеді.

    Мұқан Алмас Мешітбайұлы
    Басшының орынбасары

    Мұқан Алмас Мешітбайұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы — полиция полковнигі. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты Павлодар заң колледжін тәмамдаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясын бітірген.

    Тасқын Ернар Тасқынұлы
    Басшының орынбасары

    Тасқын Ернар Тасқынұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Арнайы атағы — әділет полковнигі. 2009 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясын тәмамдаған. 2014 жылы аталған академияда «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша құқық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған. 2019 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясында құқық ғылымдары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғаған.

    Әшірбеков Серік Сағынбекұлы
    Басшының орынбасары

    Әшірбеков Серік Сағынбекұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    2008 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы — «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».

    Басқа қызметкерлер

    7