
Мұқан Алмас Мешітбайұлы
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы — полиция полковнигі.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты Павлодар заң колледжін тәмамдаған.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясын бітірген.
2001 жылғы тамыз айынан 2002 жылғы 26 тамызға дейін Арқалық қалалық ішкі істер бөлімінің жедел-іздестіру басқармасы, жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімшесінде жедел уәкіл қызметін атқарған.
2002 жылдан 2025 жылға дейін Арқалық қалалық және Астана қалалық ішкі істер органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Жеке құраммен жұмыс департаментінде түрлі жедел, тергеу және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Атап айтқанда: жедел уәкіл, анықтаушы, инспектор, аға жедел уәкіл, аға тергеуші, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, жеке құрам жөніндегі инспекция бастығының орынбасары, инспекция бастығы.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарады.





