Тасқын Ернар Тасқынұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Тасқын Ернар Тасқынұлы
    Басшының орынбасары

    Тасқын Ернар Тасқынұлы

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Арнайы атағы — әділет полковнигі.
    2009 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясын тәмамдаған.
    2014 жылы аталған академияда «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша құқық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
    2019 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясында құқық ғылымдары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін қорғаған.

    2009–2016 жылдары Алматы облысы Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің Қылмыстық полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі жедел уәкілі, уақытша ұстау изоляторы бойынша жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Алматы облысы бойынша экстремизмге қарсы күрес басқармасының экстремизмге қарсы бөлімінде жедел уәкіл болды (Панфилов, Ұйғыр, Райымбек, Кербұлақ аудандары). Осы кезеңде ҚР ІІМ академиясының ғылыми-педагогикалық магистратурасында білім алып, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының адам саудасына қарсы бөлімінде жедел уәкіл қызметін атқарды.

    2016–2022 жылдары Алматы қаласы ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, сондай-ақ Тылдық қамтамасыз ету басқармасының Әскери және арнайы қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

    2022–2025 жылдары ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Алматы қаласы әуежайындағы Линейлік полиция бөлімінде кадрлық саясат жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, кейін Линейлік полиция бөлімінің бірінші орынбасары болды. Сонымен қатар ҚР ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясында Идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімі бастығы, Қосымша білім беру факультетінің бастығы және академия басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері