
Аяғанов Сағындық Күзембайұлы
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы
Өмірбаян
Арнаулы атағы – полиция генерал-майоры.
1999 жылы Павлодар заң колледжін бітірген, 2004 жылы ҚР ІІМ Заң институтын тәмамдаған, ал 2022 жылы И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жоғары білім алған.
1997–1999 жылдары ҚР ІІМ Павлодар заң колледжінде оқыған.
1999–2001 жылдары Маңғыстау облысы ІІБ жанындағы ЖПҚ арнайы взводының жол полициясы аға инспекторы қызметін атқарған.
2001–2023 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет етіп, аға жедел уәкілден бастап, Маңғыстау облысы ІІД Қарақия ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, ведомствоаралық үйлестіру және профилактика бөлімінің бастығы, Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қалалық полиция басқармасының бастығы, Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары сияқты жетекші лауазымдарды атқарған.
2023 жылғы 17 мамырдан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етеді.