«Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер: ІІМ ең маңызды сұрақтарға жауап берді

    Маңғыстау облысының Полиция департаменті

    Жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуіне қандай өзгерістер енгізілді?

    Жүргізушілердің медициналық тексеруден өту талабы – жаңа талап емес. Бұл норма 2014 жылдан бері, яғни «Жол жүрісі туралы» Заңда көрсетілген.

    Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді.

    Соның арқасында міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер екі министрліктің жүйелері арасында автоматты түрде беріледі.

    65 жастан асқан жүргізушілер нені білуі керек?

    65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге - тек әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтсе жеткілікті. Оның нәтижесі автоматты түрде жүйеге түседі.

    Сондықтан, ешқандай қосымша анықтама жинаудың немесе мемлекеттік органдарға барып жүрудің қажеті жоқ.

    Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту немесе бұл туралы ІІМ-ге жеке хабарлау талап етілмейді.

    Азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ. Ешқандай жаңа талап немесе артық құжат рәсімдеу енгізілген жоқ.

    Барлығы бұрынғыдан да ыңғайлы және қарапайым түрде.

    Әлеуметтік желілерде ақпарат тарату туралы

    Блогерлер мен ақпараттық парақша иелеріне жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік бар екенін ескертеміз.

    Сондықтан ақпаратты таратпас бұрын оның дұрыстығына көз жеткізуді сұраймыз. Себебі жалған мәліметтер халықты шатастыруы мүмкін.

    Сондықтан тек мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына сенуге кеңес береміз. Қажет болған жағдайда түсіндірме беруге әрдайым дайынбыз.

    Жүктеу
    a5b035918847630b2b570e94facf8593_original.1412906.png
    PNG · 1,3 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Заң

    ІІМ “Жол жүрісі туралы” заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді

    Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі туралы” заңына енгізілген өзгерістер күшіне енетінін хабарлайды. Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүр...

    Басшылық

    Ақтау қаласы Полиция басқармасы басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі

    2026 жылға арналғанАқтау қаласы Полиция басқармасы басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі Қабылдау жүргізушінің аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні, уақыты Мекен жайы Сафиулин Евгений Викторович Басқарма басшысының п...