Экотуризм – Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамытудың перспективалы бағыттарының бірі

    Бұл бағытта өңірдің табиғи ерекшеліктерін, ұлттық дәстүрлері мен қазақ халқының мәдени мұрасын тоғыстыратын іс-шаралардың маңызы зор.

    Шет ауданының Кеншоқы ауылында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, дәстүрлі аңшылық өнерді жаңғыртуға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған «Салбұрын-2026» ашық турнирі өтті.

    Этномәдени және оқиғалық туризмді дамыту, өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында іс-шараға Қарағанды облысының Туризм басқармасының өкілдері де қатысты.

    Мұндай іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді сақтауға, туристерді тартуға және Қарағанды облысының тартымды туристік имиджін қалыптастыруға зор үлес қосады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының туризм басқармасы" жаңалықтары