Павлодар облысында Республика күні кең көлемде атап өтілді

    1 / 26

    Мерекелік іс-шаралар Павлодар қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімінен басталды.

    Салтанатты рәсімге облыс әкімі Асайын Байханов, қала тұрғындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар, әскери қызметшілер мен жастар өкілдері қатысты.

    Іс-шара өңір басшысына Павлодар гарнизоны ротасы командирінің баяндама жасауынан басталды. Одан кейін Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның камералық хоры орындаған әнұран әуенімен елдің ұлттық мақтанышы, тәуелсіздік пен бірліктің символы - Мемлекеттік ту көтерілді. Салтанатты рәсім әскери қызметшілердің сап түзеп, салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.

    Бұл күні Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында 2 мыңнан астам мәдени, ағартушылық, спорттық және қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды.

    Ұлттық мереке қарсаңында өңірде республикалық «Republic Day» және «Береке Fest» акциялары да басталды. «Береке Fest» акциясына Greenwich, Inmart, Small және «Ваш магазин» сауда желілерін қоса алғанда, 28 сауда нысаны қосылды. Сатып алушыларға тауарлардың түрлі санаттарына 30%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылды. Ал «Republic Day» акциясына тағы 13 сауда нысаны қатысты.

    Мереке орталық жағалауда ұйымдастырылған концертпен аяқталды.

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының әкімдігі" жаңалықтары