"Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
Ұлттық мереке – Республика күніне орай Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионның автотұрақ аумағында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер, көршілес облыстардың шаруа қожалықтары және көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер қатысты. Қала тұрғындарына ет, сүт және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылды.
Мұндай жәрмеңкелер халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді қолдауға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.








