Шымкент қаласында Ветеринариялық қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған күн Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2024 жылдан бастап ресми мерекелер тізбесіне енгізіліп, елімізде үшінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді.
Ұйымдастырылған салтанатты жиынға ветеринария саласының ардагерлері, қалалық және аудандық ветеринариялық қызмет мамандары, зертхана қызметкерлері, ғылыми орта өкілдері мен мекеме басшылары қатысты.
Мерекелік іс-шараның шымылдығын ашқан қала басшылығы мен сала жетекшілері жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы ветеринария қызметінің стратегиялық маңызына тоқталды. Жиында мегаполистің эпизоотиялық тұрақтылығын, тағам қауіпсіздігін және ең бастысы — халық денсаулығын қамтамасыз етуде күнделікті аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі ерекше атап өтілді.
Іс-шараның ресми бөлімінде Шымкент қаласының ветеринария саласын өркендетуге елеулі үлес қосқан, өз ісіне адалдық танытып, жоғары кәсібилік көрсеткен бірқатар сала үздіктері мен көп жылдық тәжірибесі бар ардагерлер марапатталды. Қызметкерлерге қала әкімдігінің алғыс хаттары және арнайы төсбелгілер салтанатты жағдайда табыс етілді.
Шымкент қаласында Ветеринариялық қызметкерлер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ұқсас материалдар

Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті
Ашу
Алматыда жаңа ведомствоның жұмысы мен алдағы жоспарлары таныстырылды
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионы мәртебесінде елге оралды
ҚР ТСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАР КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) бағдарламасы: 2 тамыз
ҚР ТСМАшу
