МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙЛЫҚ 20 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

    1 / 19
    МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙЛЫҚ 20 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
    Халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешуге айқын бетбұрыс жасалған.
    Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Жетісай ауданында «25 қазан – Республика күні» қарсаңында тағы 20 отбасы баспаналы болды.
    Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен зиялы қауым өкілдері қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтады, ізгі лебіздерін білдірді.
    «Бүгін біз тамаша сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, сүрінгеніне демеу болған, мұқтажына қолұшын созған текті халық екені белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде мереке қарсаңында баспанаға шын мұқтаж отбасылар қуанышқа кенеліп отыр. Қоныс құтты болсын!» деді Серік Үсенұлы.
    Айта кетейік, аудандағы тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Мәселен, 2022 жылы 14 208 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 2,1 есеге артып, тұрғын үй кезегінде тұрған 240 азамат баспаналы болған.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары