1 / 10
ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ – БИЛІКТІҢ БАҒДАРЫ
Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және халықпен ашық диалог орнату – жергілікті билік жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жеке қабылдау барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылды.
Аудан басшысы азаматтар тарапынан көтерілген жер алу, жұмысқа орналасу, жол жөндеу, жарықтандыру секілді мәселелердің заң аясында шешілуі қажеттігін атап өтіп, жауапты мамандарға нақты жұмыс жүргізу, өтініштерді бақылауда ұстау және олардың орындалуына мән беру жөнінде тапсырмалар жүктеді.
«Мұндай жеке қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Халықпен ашық сөйлесу, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және олардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру – ел сенімін арттырудың маңызды тетігі» деген Серік Үсенұлы айтылған өтініштердің заң аясында орындалуын бақылауында ұстайтынын ескертті.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі








