МЕРЕКЕ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 24
    МЕРЕКЕ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
    Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың бастамасымен аудан көлемінде «25 қазан – Республика күні» мерекесі аясында аудан аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды.
    5 мыңға жуық адам қатысқан тазалық жұмыстарында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, экожанашырлары мен аудан жастары өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Автомобиль жолдары бойларындағы шөптер шабылып, ағаштар бұталды. Ал, тұрғындар үйіргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланып, жетісайлықтар белсенділік танытты.
    «Аудан аумағында өткізіліп отыратын тазалық жұмыстарымызға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл – азаматтардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақыттарда аудан аумағына түрлі көшеттерді отырғызып, жасыл аймаққа айналдыратын боламыз» дейді аудан басшысы.
    Шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатынын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп берілгенін айтады.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары