ЖЕТІСАЙДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ» ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ

    1 / 12
    ЖЕТІСАЙДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ» ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ
    25 қазан – Республика күніне орай аудандағы «Рәміздер аллеясында» салтанатты Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Ұлттың ұлық мерекесіне арналған тағылымды шара елдік пен бірлікті дәріптеп, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын ерекше сәтке айналды.
    Салтанатты жиынға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен құзырлы орган өкілдері, аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
    Шара барысында көк байрағымыз көкке көтеріліп, қатысушылар мемлекеттік рәмізге деген құрметтерін білдірді.
    Еліміздің мемлекеттілік жолындағы маңызды тарихи белестерін айшықтап, азаттық пен егемендіктің қадірін ұғындыратын, халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысын, елдік мұраты мен болашаққа деген сенімін айқындайтын ұлық мерекеде Республика күнінің мән-маңызы, ел тарихындағы орны кеңінен айтылып, ұлттық құндылықтарды сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңірудің маңыздылығы атап өтілді.
    «Көк Туымыздың биікте желбіреуі – азаттықтың айғағы, бірліктің белгісі, жарқын болашаққа деген сенімнің нышаны. Осындай тағылымды шаралар ел азаматтарының бойындағы отансүйгіштік сезімді нығайтып, ортақ Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі» деген аудан басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтады.
    Салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем ән мен рухты әуен мерекенің мазмұнын ашып, көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары