«25 қазан – Республика күні»

    Құрметті Отандастар!
    Баршаңызды «25 қазан – Республика күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
    Ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақ тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына жол ашқан айтулы мереке бәріміз үшін қасиетті де қастерлі.
    Ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі бола білген 25 қазан – баршамыз үшін айрықша мәнге ие.
    Қазақстан әлем сахнасында аз уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел болып танылды.
    Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде мойындатқан Республикамыздың биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
    Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің болашағы баянды болғай!
    Ізгі ниетпен,
    Серік Үсенұлы МАМЫТОВ
    Жетісай ауданының әкімі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары