АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

    АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

    Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау, құрылыс саласының қазіргі жағдайы және күзгі ағаш егуге дайындық мәселелері қаралды.

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Қарсыбек Ертуов қалада фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатқанын баяндады.

    Жыл басынан бері «Фитосанитария» РМК зертханасында Шымкент аумағынан экспортталатын карантинге жатқызылған 328 237 тонна өнім тексерілді. Зерттеу нәтижесінде 11 889 фитосанитариялық сертификат рәсімделді.

    Сонымен қатар қала аумағына импортталатын карантинге жатқызылған өнімдерге бақылау жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы алқаптарындағы карантиндік нысандарға ерекше назар аударылуда. Бұл аумақтарда агротехникалық және химиялық өңдеу жұмысы жүргізіледі.

    Шегірткелердің таралуын болдырмауға да айрықша көңіл бөлінуде. Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 382 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары