«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

    «САНАЛЫҰРПАҚ–ЖАРҚЫНБОЛАШАҚ»АУДАНДЫҚСЕМИНАРЫӨТТІ

    «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АУДАНДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

    Бүгін Қызылқоға ауданы әкімдігі, аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық полиция бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты аудандық семинар өтті.

    Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және саналы ұрпақ тәрбиелеу.

    Семинарға арнайы шақырылған спикерлер:🔹Шынар Тукенова – «Самға» жастар денсаулық орталығының психологі;🔹Тимур Рамазанов – «Жаңа өмір» қолдау орталығының басшысы;🔹Айбол Ідірісов – Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры.

    Спикерлер жастар арасындағы өзекті мәселелерді қозғап, құқық бұзушылықтың алдын алу мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

    Шара барысында Көздіғара ауылының ерікті жастарынан құралған «Жас талант» театры және Атырау облысынан келген полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің (СОБР) қызметкерлері тақырыпқа сай сахналық қойылымдар ұсынды.

    Семинар аясында аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев спикерлерге алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Байтенов сөз сөйлеп, шараға белсенді қатысқандарды алғыс хатпен марапаттады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылқоға ауданының әкімдігі" жаңалықтары