Қызылқоға ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Қызылқоға ауданы 1944 жылы құрылды, жалпы көлемі 2488423 га.

    Халық саны - 31710 адам.

    Құрамында 10 ауылдық округ, 26 елді мекен бар.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сайлау-2026

    Бүгін Қызылқоға ауданында «Құрылтай–2026» сайлауын өткізуге байланысты жұмыстар толық аяқталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, азаматтардың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай жасалды. Аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссиялары өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, сайлау процесінің ұйымдасқан әрі жүйелі өтуін қамтамасыз етті.

    23 тамыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    "Е-Өтініш" АЖ арқылы өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    Авторизациядан өту және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша (көрсетілетін қызметті алу үшін eotinish.kz сайтында тіркеуден өтуіңіз қажет немесе бірреттік тіркелуіңіз керек). Мемлекеттік органдарға өтініш беру. Ұсынылған нысанды толтырыңыз. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰҚО) ЭЦҚ өтінішіне қол қойып және мемлекеттік органға жіберу. Жеке кабинет арқылы өтініштің мәртебесін бақылауға болады.

    Сұрақ

    Жұмыстан айрылу бойынша жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

    Жауап

    Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға Әлеуметтік кодекстің 99-бабына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары құқылы.

    Сұрақ

    "Е-Өтініш" АЖ арқылы өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    Авторизациядан өту және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша (көрсетілетін қызметті алу үшін eotinish.kz сайтында тіркеуден өтуіңіз қажет немесе бірреттік тіркелуіңіз керек). Мемлекеттік органдарға өтініш беру. Ұсынылған нысанды толтырыңыз. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰҚО) ЭЦҚ өтінішіне қол қойып және мемлекеттік органға жіберу. Жеке кабинет арқылы өтініштің мәртебесін бақылауға болады.

    Сұрақ

    І топ мүгедегіне жеке көмекші қалай тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына сәйкес «жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сай ұйымдастырылады. Егер жеке оңалту бағдарламасында жеке көмекші жазылған болса,өтініш түскеннен кейін бөлім мүгедекті «әлеуметтік қызметтер порталына» жібереді, содан кейін мүгедек аталмыш порталдан ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жеке көмекшіні таңдап сол арқылы тағайындайды.

    Ақпарат

    Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі

    Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 2024 жылы 276 өтініш түсіп, 4 өтініш кері қайтарылды. 1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы бойынша - 133 мемлекеттік қызмет. 2. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы бойынша - 25 мемлекеттік қызмет. 3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығы бойынша - 4 мемлекеттік қызмет. 4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығы бойынша – 114 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бөлім басшысы: А.Бағдаров

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Хабарландыру «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)Атырау облыстық филиалы 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге шақырады. Кездесу тақырыбы:«Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол». Іс-шара барысында Қор мамандары зейнетақы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер және зейнетақы жинақтарын басқару, оны пайдалану мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Мұнда Сіз: ·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін; ·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруға арналған қандай құралдары бар екенін; ·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдауға болатынын, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай беруге болатынын; ·басқарушы компанияны таңдау кезінде салымшылар өз бетінше талдау жасауы үшін қандай ақпарат қолжетімді екенін; ·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын; ·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын; ·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуүшін пайдалануғақойылатынталаптар мен шарттартуралытолыққанды мәлімет ала аласыз. Аумақтық бөлімшелердің жауапты мамандарынан жеке кеңеспен қатар Сізді қызықтыратын басқа да сауалдарыңызға жауап алуға мүмкіндігіңіз бар. «Ашық есік күні» 2026 жылдың 2 желтоқсаны күні3 сессияда сағат:10:00, 11:30, 15:00онлайн форматта өтеді. Іс-шараға қатысу үшін әр ниет білдірушігекездесу басталатын уақыттасілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/rcb1f61c882f09e65dbacf1c5cc42434e бойынша өту қажет. Одан кейін еvent-кеңес нөмірін2512 451 6293және еvent-кеңестің құпиясөзін 12345енгізу талап етіледі. "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бюллетень

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады? 2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады: Көгілдір – астананың, облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін. Жасыл – астананың, облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін. Қызғылт сары – аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 1 қараша 2026 жыл

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 1 қараша 2026 жыл «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелді: №1 сайлау округі Асауов Руслан Рамазанұлы, 1997 жылы туған, ҚРДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылқоға ауданы бойынша бөлімшесі, зертхана меңгерушісі, Миялы ауылының тұрғыны. Жанқуатов Асылбек Жолдасұлы, 1986 жылы туған,«Қызылқоға ауданы әкімі аппараты», басшы, директор, Миялы ауылының тұрғыны. Тілеген Нұрәділ Жамбылұлы,1998 жылы туған,Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, көркем еңбек мұғәлімі, Миялы ауылының тұрғыны. №2 сайлау округі Куанаев Марлен Азидоллаевич, 1989 жылы туған, Қызылқоға ауданы білім бөлімінің «Ұлан балалар жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы», жаттықтырушы, Миялы ауылының тұрғыны. Стомма Райгуль Александровна, 1991 жылы туған, «Қызылқоға аудандық ветеринариялық станциясы» іс-жүргізуші, Миялы ауылының тұрғыны. Якупов Райымбек Сагидоллиевич,1987 жылы туған, «Миялы» Үкіметтік емес ұйымы, мүше, Миялы ауылының тұрғыны. №3 сайлау округі Абыз Асылхан Мағжанұлы, 1997 жылы туған, «Табиғат» ШЖҚ КМК Қызылқоға өндірістік учаскесі, басшы, Миялы ауылының тұрғыны. Амантай Ризабек Амантайұлы, 1998 жылы туған, Аудандық «Арман» мәдениет үйі», басшы, Миялы ауылының тұрғыны. Махамбетов Сәкен Махамбетұлы, 1993 жылы туған, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», Жангелдин ауылдық округінің жастар жетекшісі, Жангелдин ауылының тұрғыны. №4 сайлау округі Ажгалиева Орынша Жалгасовна, 1972 жылы туған, Қызылқоға аудандық ветеринариялық зертханасы, меңгеруші, Жасқайрат ауылының тұрғыны. Сүлеймен Думанбек Мерекеұлы, 2002 жылы туған, Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, инспектор, Жангелдин ауылының тұрғыны. Төлегенов Азамат Ғаділбекұлы, 2002 жылы туған, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мұрағатшы, Жангелдин ауылының тұрғыны. №5 сайлау округі Канашова Гаухар Калыбаевна, 1976 жылы туған, «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» директор,Миялы ауылының тұрғыны. Куздеубаева Шынар Ерболовна, 1989 жылы туған, Қызылқоға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,Миялы ауылының тұрғыны. Сактаганова Светлана Аманкелдиевна, 1979 жылы туған, Қызылқоға аудандық ауруханасы, директордың міндетін атқарушы, Миялы ауылының тұрғыны. №6 сайлау округі Жаныкулов Алиби Онгарович, 1980 жылы туған, «Жеке кәсіпкер»,Тасшағыл ауылының тұрғыны. Махмут Есет Алмас-Булатұлы, 1993 жылы туған, «Миялы балалар өнер мектебі» , домбыра пәнінің мұғалімі,Миялы ауылының тұрғыны. Молдашев Азамат Сакитжанович, 1986 жылы туған, «Ы.Шөреков» атындағы мектеп гимназиясы, мұғалім, Миялы ауылының тұрғыны. №7 сайлау округі Аккужиев Кайсар Сырымович, 1990 жылы туған, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, химия пәнінің мұғалімі,Миялы ауылының тұрғыны. Муратов Асылбек Нурланович, 1988 жылы туған, «Жеке кәсіпкер»,Миялы ауылының тұрғыны. Теңелбай Гүлсерік Сансызбайқызы, 2000 жылы туған, «Қызылқоға аудандық ветеринариялық станциясы» ветеринария маманы, Миялы ауылының тұрғыны. №8 сайлау округі Ажигалиев Биржан Наренович, 1977 жылы туған, «Биржан»шаруа қожалығы,Миялы ауылының тұрғыны. Рәшбаев Самғат Халидоллаұлы, 1994 жылы туған, «Қызылқоға аудандық білім бөлімі», шаруашылық меңгерушісі,Миялы ауылының тұрғыны. Каленов Азамат Кайргалиевич, 1983 жылы туған, Уақытша жұмыссыз, Миялы ауылының тұрғыны. №9 сайлау округі Хасан Самғат Қалиахметұлы, 1985 жылы туған, «АТ ПФ "QAZAQGAZAIMAQ» Қызылқоға газ шаруашылығы директоры,Миялы ауылының тұрғыны. Молдашев Ақылбек Бауыржанұлы, 1988 жылы туған, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі , мұғалім,Миялы ауылының тұрғыны. Мұратова Әсел Сейілханқызы, 1993 жылы туған, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, маман, Миялы ауылының тұрғыны. №10 сайлау округі Омаров Бекбол Акбергенович, 1978 жылы туған, «Кенбай» орта мектебі, директор,Сағыз ауылының тұрғыны. Жәрдемғалиев Тілек Нұртайұлы, 1993 жылы туған, Атырау облысы мемлекеттік архиві Қызылқоға аудандық филалы, басшы,Миялы ауылының тұрғыны. Қуанов Аманжан Серікбайұлы, 1993 жылы туған, «Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі», әдіскер, Миялы ауылының тұрғыны. №11 сайлау округі Досымбаев Сагитжан Байгалиевич, 1973 жылы туған, «Сағыз су Арнасы» ЖШС, басшы,Сағыз ауылының тұрғыны. Урдеков Айбек Мухамедалиевич, 1976 жылы туған, «Қызылқоғаауданыәкімі аппараты» инспектор,Миялы ауылының тұрғыны. Шамуратова Сагыныш Нурбергеновна, 1983 жылы туған, «Шұғыла» мәдениет үйі», әдіскер, Сағыз ауылының тұрғыны. №12 сайлау округі Аккайнанов Альберт Утегенович, 1975 жылы туған, «Әділет» партиясының Қызылқоға аудандық филиалы, төраға,Миялы ауылының тұрғыны. Утешов Сандибек Абаевич, 1987 жылы туған, «Атырау облысының еңбек мобильділігі орталығы», «Қызылқоға ауданының мансап орталығы», маман,Миялы ауылының тұрғыны. Кусанова Акмарал Сайновна, 1974 жылы туған, Қызылқоға аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі жанынан «Отбасын қолдау орталығы», директор, Миялы ауылының тұрғыны. Тиісті округтік сайлау комиссиялары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ!

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы кез келген немесе болжамды фактілер туралы келесі байланыс арналары мен құралдары арқылы хабарлай аласыз:[email protected], Байланыс орталыгы: 1418 "БЖЗК," АК, шуғыл байланыс желісі Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша жедел желі: 8 800 080 1177(Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен97,52млн АҚШ долларына 435 046 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде286 548алушығажалпы сомасы63,82млн АҚШ долларытұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал148 498 алушыға 33,69 млнАҚШ долларыбілім алуға ақы төлеу үшін аударылды. 2026 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша НЖ төлемдерін жалпы сомасы66,24млн АҚШ долларына239 649қазақстандықалды. Бұл ретте164 543алушығатұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында44,39млн АҚШ долларынанастам, ал75 106алушығабілім беру ақысын төлеуге21,85млн АҚШ долларыаударылды. Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Тұрғын үй жағдайларын жақсартубағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша162 626алушығажалпы сомасы 43,73 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 1001 жас қазақстандыққа 244,20 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 576 қазақстандыққа 141,19 мың АҚШ доллары төленді. Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 70 655 азаматқа жалпы сомасы шамамен 20,62 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді. Мына бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 3 287 алушыға жалпы сомасы 868,14 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 1 071 азаматқа 282,76 мың АҚШ доллары бағытталды. Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады. 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 80,55 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 249 азамат алды. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегітолық ақпаратпенenpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын. 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі. Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) : - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент; - екінші жыл - 263 доллар 93 цент; - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет: -eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер"; -екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар: ·"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу), ·"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу), ·"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуғапайдаланужөніндегістатистикаменenpf.kz сайтында танысуға болады. kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі: https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды: