ҚЫЗЫЛҚОҒАДА – БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕЙІ
Бірлік бар жерде – тірлік бар!
Қазақстан – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ынтымағы жарасқан мемлекет. Біздің басты құндылығымыз – ұлты мен ұлысына қарамастан, әр азаматтың өзара сыйластығы, достығы мен ортақ Отанға деген құрметі.
Қызылқоға ауданы да татулық пен келісімді ту еткен, береке-бірлігі жарасқан өңірлердің бірі. Ауданымызда түрлі этнос өкілдері бір қоғамның мүшесі ретінде еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсене араласып, туған өлкенің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Оларды біріктіретін ортақ құндылық – Қазақстанға деген сүйіспеншілік, ел болашағына деген жауапкершілік және бейбіт өмірді бағалау. Әртүрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің тоғысуы қоғамымыздың рухани байлығын арттырып, ұрпақтар арасындағы достық пен сыйластықтың нығаюына ықпал етеді.
Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының маңызды негізі. Сондықтан әрбір азаматтың бойында өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарау, мәдениеті мен дәстүріне түсіністік таныту, қоғамдық келісімді сақтау секілді ізгі қасиеттер қалыптасуы қажет.
Қызылқоға – ортақ шаңырағымыз, ал татулық пен ынтымақ – баршамызға ортақ байлығымыз. Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі, еліміз аман болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








