«ДИНА» САУДА ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

    1 / 14
    «ДИНА» САУДА ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
    Бұл күні аудан орталығында тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанының ашылу салтанаты өтті. Жеке кәсіпкер Серік Габдуллиннің бастамасымен ашылған «Дина» сауда үйінің салтанатты рәсіміне ауыл тұрғындары мен арнайы қонақтар қатысты.
    Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов кәсіпкерді жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, игі бастамасына сәттілік тіледі. Сонымен қатар кәсіпкерліктің аудан экономикасын дамытудағы маңызына тоқталып, туған жерінде кәсіп ашып, халық игілігіне қызмет етуді мақсат еткен азаматтардың еңбегі әрдайым қолдауға лайық екенін атап өтті.
    Бұдан соң сөз алған Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Ермұханов жаңа сауда үйінің ашылуымен құттықтап, аудан кәсіпкерлерінің өңір экономикасына қосып отырған үлесіне тоқталып, кәсіп иесіне ізгі тілегін білдірді.
    Шара барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпкердің туған-туыстары да ақжарма тілектерін арнап, жаңа нысанның жұмысына табыс тіледі. Ақсақалдар ақ батасын беріп, игі бастаманың берекелі болуына тілектестік білдірді.
    Салтанатты рәсімнің соңында «Дина» сауда үйінің лентасы қиылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Жиынға қатысқан қонақтар мен ауыл тұрғындары ғимараттың ішін аралап, сауда үйінің ішімен танысты.
    🖋 ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылқоға ауданының әкімдігі" жаңалықтары