
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы
Қызылқоға ауданының әкімі
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы 1981 жылы 5 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1998-2003 жылдары Орта Азиялық университетін құқықтану, 2006-2008 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржы, 2014-2016 жылдары Астрахань мемлекеттік университетін құқықтану, 2016-2018 жылдары Орталық Богем қолданбалы ғылымдар мен менеджмент институтын іскерлік әкімшілендіру мамандықтары бойынша аяқтаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылдың 9 қыркүйектегі №700 бұйрығымен іскерлік әкімшілік жүргізу мамандығы бейіні бойынша докторы дәрежесі берілген.





















