
Өмірбаян
Салықов Сәндібек Аманбайұлы 1982 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін музыкалық білім мамандығы бойынша және 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 – 2002 жылдар аралығында Миялы ауылындағы Арман мәдениет үйі мен Достық кинотеатырында көркемдік жетекші, киномеханиг;
2003 – 2006 жылдар аралығында Миялы ауылындағы №2 автоклубта киномеханиг;
2006 – 2007 жылдар аралығында №1 жылжымалы клубта мәдени жұмысты ұйымдастырушы;
2007 – 2008 жылдар аралығында Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте саз пәнінің мұғалімі;
2008 – 2009 жылдар аралығында Миялы ауылындағы №1 негізгі мектепте үйірме жетекшісі;
2009 – 2012 жылдар аралығында Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;
2012 – 2013 жылдар аралығында Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;
2013 – 2015 жылдар аралығында Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2015 – 2017 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім басшысы;
2017 - 2020 жылдары Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2020 жылдың мамыр айынан бастап Миялы ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келді.
202жылдан бастап Қызылқоға аудандық мәдениет тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
2011 жылдан бері «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.




