
Бөлім басшысы
Бағдаров Амангелді Оразбайұлы
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Өмірбаян
Бағдаров Амангелді Оразбайұлы 1981 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімді.
2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаса, 2017 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылқоға аудандық білім бөлімінде жұмысшы болып бастаған.
2000–2004 жылдары Миялы ауылындағы жанар-жағармай құю бекетінде оператор;
2004 жылдың наурыз–маусым айлары аралығында аудандық әдістемелік орталықта әдіскер;
2008–2013 жылдары Қызылқоға аудандық білім бөлімінің бас маманы;
2013–2020 жылдары Қызылқоға аудандық білім бөлімнің басшысы,
2020–2024 жылдары Жангелдин ауылдық округінің әкімі болып қызмет етсе, 2024 жылдан бері Миялы ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді





