Карин Өмірзақ Көбенұлы
Аким
Өмірбаян
Карин Өмірзақ Көбенұлы 1970 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2004 жылы Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Қызылқоға аудандық мәдениет бөлімінде слесарь болып бастаған.
1991–1995 жылдары Қызылқоға аудандық мәдениет бөлімінде киномеханик, 1997–2000 жылдары аудандық зейнетақы төлеу орталығында бас маман, 2000–2002 жылдары осы мекеменің басшысы, 2002–2006 жылдары аудандық пошта торабында кадр маманы қызметтерін атқарған.
2010–2011 жылдары Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2011–2018 жылдары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қызылқоға аудандық бөлімшесінің басшысы болды.
2019–2020 жылдары Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, 2020 жылы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде бас маман, 2020–2022 жылдары аудандық құрылыс бөлімінде бас маман, 2022–2024 жылдары Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып еңбек етіп келеді.




