
Өмірбаян
Изимова Гүлшара Нәдірқызы 1971 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары - Атырау университетін «Бастауыш оқыту педагогикасы және методикасы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Тасшағыл орта мектебінде тәрбиеші мұғалім болып бастаған.
2004-2008 жылдары Тасшағыл орта мектебінде мектеп директорының орынбасары,
2008-2010 жылдары Тасшағыл орта мектебінің бастауыш мұғалімі,
2010-2013 жылдары Тасшағыл орта мектебі директорының орынбасары,
2013-2020 жылдары Тасшағыл орта мектебінің директоры,
2020 жылдың 21 мамырында үш ай Тасшағыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы,
2020 жылдың 4 тамызынан бастап Тасшағыл ауылдық округінің әкімі,
2024-2026 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Жаңа әкімге ауыл ардагерлері мен әріптестері зор сенім артып, алдағы қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.





