Ермұханов Алтай Жаңбырбайұлы

    Бөлім басшысы

    Ермұханов Алтай Жаңбырбайұлы
    Төраға

    Ермұханов Алтай Жаңбырбайұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Ермұханов Алтай Жаңбырбайұлы 1980 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998–2002 жылдары Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Ал 2025–2026 жылдары Қызылорда ашық университетінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығын меңгерген.

    Еңбек жолын 2002 жылы Индер аудандық жастар, туризм және спорт бөлімінде бас маман болып бастаған.
    2003-2005 жылдары Индер аудандық әкімі аппаратында заңгер,
    2005-2006 жылдары Атырау облыстық мәслихатында бас маман,
    2006-2007 жылдары Атырау облыстық қаржы департаментінің бөлім бастығы,
    2007-2008 жылдары Атырау облыстық төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы басқармасы заң және кадр бөлімінің бастығы,
    2008-2010 жылдары Атырау облыстық төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім бастығы,
    2010 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы,
    2012-2014 жылдары мемлекеттік сатып алушы «АҚ ҰҚ ӘКК» бас заңгер,
    2014-2017 жылдары «СПК Атырау ҰК» АҚ-да департамент директоры,
    2017-2019 жылдары «Атырау Су Арнасы» КМК-да мемлекеттік сатып алу және заң бөлімінің басшысы,
    2021-2023 жылдары «Жылыой су» КМК-да мемлекеттік сатып алу және заң бөлім басшысы, бас есепші,
    2023-2025 жылдары «Атырау Ақпарат» мекемесінде бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары,
    2026 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін «Махамбет-Су» КМК ШЖҚ директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
    Алтай Жаңбырбайұлына жаңа қызметінде толағай табыс, абыройлы еңбек және ел игілігі жолындағы жұмысына сәттілік тілейміз!

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері