
Арыстанов Асхат Гайдарұлы
Сағыз ауылдық округ әкім аппараты
Өмірбаян
Асхат Арыстанов 1978 жылы дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі- жоғары. 1999 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжін, 2005 жылы ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖК Қостанай заң инситутын, «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Жылыой ауданы ІІБ Теңіз полиция бөлімшесі қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілі болып бастаған. 2000 - 2004 жылдары Жылыой ауданы ІІБ Теңіз полиция бөлімшесі қылмыстық іздестіру тобының аға жедел уәкілі; 2004 - 2005 Жылыой ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімшесі жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу тобының аға маман-аға жедел уәкілі; 2005 - 2006 жылдары Атырау қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімшесі зоналды-аймақтық тобының жедел уәкілі; 2006 жылыАтырау қаласы ІІБ криминалдық іздеу тобының аға жедел уәкілі; 2006 – 2008 жылдары Мақат ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, әрі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы; 2008 - 2014 жылдары Жылыой ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, әрі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы; 2014 жылы Атырау қаласы ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары; 2014 – 2020 жылдары Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің бастығы; 2020 – 2021 жылдары Мақат ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
01.06.2021 жылдан бастап, ішкі істер органынан «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 80 бабы 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес, өз қалауы бойынша босатылды.
2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Сағыз ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.





