Ташимов Мәди Қайырғалиұлы

    Бөлім басшысы

    Ташимов Мәди Қайырғалиұлы
    Руководитель отдела

    Ташимов Мәди Қайырғалиұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1987 жылы 24 мамырда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген.

    2004-2008 жылдары Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында кіші сержант әскери атағын алған.

    15.11.2017 ж.Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаент басшысының Алғыс хатымен марапатталған.

    15.11.2019 ж. Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен және 15.11.2020 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    2016 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудиторы және 2020 жылы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі мемлекеттік аудиторы біліктілік сертификаты берілген.

    Отбасылы, 1 балалы.

    20.08.2008 - 24.10.2008 - Миялы-Сервис ЖШС-нің бас есепшісі

    31.10.2008 - 30.10.2009 - Әскер қатарында қызметте, Ақтау қаласы, Ақтөбе қаласы, әскери атағы: Кіші сержант

    01.03.2010 - 01.09.2010 - Қызылқоға аудандық қазынашылық басқармасының жастар тәжірибесі негізінде маман.

    18.01.2011 - 13.06.2011 - Х.Досмұхамедов атындағы орта мектебінің лаборант.

    14.06.2011 - 08.02.2013 - Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің есепші.

    08.04.2013 - 13.09.2015 - Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің есепші.

    14.09.2015 - 08.07.2016 - Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы №1 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексеруші

    08.07.2016 - 31.12.2021 - Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті №1 сәйкестік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы

    01.01.2022 - 07.07.2022 - Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті сәйкестік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы

    15.08.2022 - 09.10.2023 - Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ірі салық төлеушілер басқармасының бас маман

    10.10.2023 - 10.03.2024 - "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы

    11.03.2024 - 15.09.2024 - "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы

    2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қызылқоға ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері