
Өмірбаян
Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы 1981 жылы 5 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1998-2003 жылдары Орта Азиялық университетін құқықтану, 2006-2008 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржы, 2014-2016 жылдары Астрахань мемлекеттік университетін құқықтану, 2016-2018 жылдары Орталық Богем қолданбалы ғылымдар мен менеджмент институтын іскерлік әкімшілендіру мамандықтары бойынша аяқтаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылдың 9 қыркүйектегі №700 бұйрығымен іскерлік әкімшілік жүргізу мамандығы бейіні бойынша докторы дәрежесі берілген.
03.03.2003-29.09.2003 жылдары «Жүзе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңгердің көмекшісі лауазымына қабылданып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
29.03.2003-26.07.2004 жылдары «Жүзе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кеңесші заңгер лауазымына қабылданып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
26.07.2004-01.09.2005 жылдары «Жүзе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңгер лауазымына қабылданып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
01.09.2005-01.11.2006 жылдары «Каспиан Проджект Сервисес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне директордың орынбасары лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
01.11.2006-02.04.2007 жылдары «Каспиан Проджект Сервисес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне директор лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
25.04.2007-01.04.2010 жылдары «Region Trans Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бас атқарушы директор лауазымына тағайындалып, өз еркімен басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
29.04.2010-19.09.2011 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалына қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалып, кейін басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
19.09.2011-02.05.2012 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалына қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
02.05.2012-12.10.2013 жылдары «KazTransOil-Logis-Ltcs» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне директор лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылған.
12.10.2013-31.03.2016 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалына төрағаның бірінші орынбасары лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
01.04.2016-01.10.2018 жылдары Атырау қаласы мәслихатының IV шақырылым хатшысы лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
01.10.2018-31.12.2019 жылдары «Region Trans Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадрлар жөніндегі директоры лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
13.01.2020-17.02.2020 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының міндетін атқарушы, 18.02.2020-20.08.2020 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры лауазымдарын атқарып, кейін басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
01.09.2020-11.08.2022 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалып, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.
12.08.2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылқоға ауданының әкімі лауазымында қызмет атқаруда.


