І топ мүгедегіне жеке көмекші қалай тағайындалады?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына сәйкес «жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сай ұйымдастырылады. Егер жеке оңалту бағдарламасында жеке көмекші жазылған болса,өтініш түскеннен кейін бөлім мүгедекті «әлеуметтік қызметтер порталына» жібереді, содан кейін мүгедек аталмыш порталдан ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жеке көмекшіні таңдап сол арқылы тағайындайды.