Таразда «Аналар алқасы» кеңесінің отырысы өтті

    Тараздағы Достық үйінде республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің «Аналар алқасы» кеңесінің отырысы өтті. Жиында мемлекеттік тілді меңгеру, отбасындағы құндылықтарды сақтау және республикалық челлендждерге қатысу мәселелері талқыланды.

    Кеңес мүшелері «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысу жайын да сөз етті. Олар отбасында бірге кітап оқудың баланың әдебиетке қызығушылығын оятып, аға буын мен жас ұрпақтың байланысын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

    Отырыста кеңестің алдағы жұмысы пысықталып, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық бастамаларға қатысуы жөнінде ұсыныстар айтылды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары