Сарыағаш ауданында балалар мен жасөспірімдердің сапалы білім алуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына бағытталған әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі – Сарыағаш қаласында салынып жатқан заманауи Оқушылар сарайы.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына, жұмыс қарқынына және жобалық талаптардың сақталуына назар аударды. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, нысанның қазіргі жағдайы мен алдағы атқарылатын жұмыстарды талқылады. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жоюды, құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды және жұмыстарды бекітілген жобаға сәйкес жүргізуді тапсырды.
Әлеуметтік нысандардың сапалы әрі талапқа сай салынуы – басты назарда. Әсіресе балаларға арналған нысан болғандықтан, мұнда құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарына ерекше мән берілуі тиіс, – деді Арман Абдуллаев
Қазіргі уақытта нысан аумағын абаттандыру, сыртқы қасбетін орнату және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жобасының тапсырыс берушісі – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы».
Айта кетсек, жаңа Оқушылар сарайы пайдалануға берілгеннен кейін бір мезетте 600 балаға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Көпфункционалды нысанда балалар мен жасөспірімдердің білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, түрлі үйірмелерге қатысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасалады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
1 / 4
Ұқсас материалдар

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
Конкурс өткізу туралы хабарландыру.
"Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММАшу
Қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді
Астана қаласының әкімдігіАшу
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап алаңын ашты
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары

САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕКТЕГІ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
Президент:
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
⚡️Мемлекет басшысы:
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу