Масаң күйдегі жолаушы бөтен көлікті жүргізіп, 2,5 млн теңге шығын келтірді

    Масаң күйдегі жолаушы бөтен көлікті жүргізіп, 2,5 млн теңге шығын келтірді

    Шығыс Қазақстан облысында таксимен сапар қылмыстық іске ұласты. Алкогольдік масаң күйде болған және жүргізуші куәлігі жоқ 33 жастағы жолаушы бөтен көліктің рөліне өзі отырып, жүргізуге әрекет жасаған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісінен өзін бірнеше мекенжайға жеткізуді сұраған. Соңғы мекенжайға келгенде жүргізуші көліктен шығып кеткен. Осы сәтті пайдаланған жолаушы жүргізуші орнына ауысып, көлікпен маневр жасауға кіріскен. Оның салдарынан зақым келген.

    Көлік иесі полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтап, оны ұстады. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екені белгілі болды.

    Алдын ала есеп бойынша, материалдық шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады. Автокөлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    ШҚО Полиция департаменті автокөлік жоғарғы қауіп көзі екенін еске салады. Алкогольдік масаң күйде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару адамның өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттер үшін заңға сәйкес жауапкершілік көзделген.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары