ШҚТУ студенттері полиция жұмысындағы заманауи технологиялармен танысты

    1 / 3

    ШҚТУ студенттері полиция жұмысындағы заманауи технологиялармен танысты

    Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенттері облыстық Полиция департаментінде болды.

    Экскурсия барысында Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Айтқалиева студенттерді құқық қорғау органдарының жұмысында қолданылатын заманауи технологиялармен таныстырды. Болашақ мамандарға Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері көрсетіліп, Полиция департаментінің музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

    Кездесу соңында жеке құраммен жұмыс жөніндегі қызметкерлер ішкі істер органдарына қызметке қабылдану тәртібі мен техникалық қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар саласында кәсіби білімдерін қолдану мүмкіндіктері туралы айтып берді.

    Экскурсия болашақ түлектерге полиция қызметімен жақынырақ танысып, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кәсіби тұрғыда жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктерді білуге жол ашты.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары