«Қауіпсіз жол»: жолдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
«Қауіпсіз жол» арнайы жобасы мен жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ШҚО патрульдік полиция қызметкерлері жол ережелерінің сақталуын бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында тексеріс жүргізіп жатыр.
Полиция қызметкерлері көлікті масаң күйде басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану және белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлікті басқару деректерін анықтауға басымдық беріп отыр.
Іс-шара басталғалы бері мас күйде көлік басқарған 9 жүргізуші ұсталды. Қарсы қозғалыс жолағына шығудың 4 дерегі анықталды. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз немесе тіркеуден өтпеген көлікпен жүргендерге қатысты 10 дерек тіркелді.
Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырады. Масаң күйде көлік жүргізбеңіз, қауіпті маневрлер жасамаңыз және жол қозғалысы талаптарын бұзбаңыз. Жолдағы жауапкершілік адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









